Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Академиялық адалдық – адал бі...
2 қараша 2026
1
0
0

«Академиялық адалдық – адал білімнің негізі»


2026 жылдың 30 қазанында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Педиатрия-2» кафедрасында кафедра меңгерушісі,профессор Г.Е.Бектенованың жетекшілігімен және кафедра ПОҚ-құрамының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Академиялық адалдық – адал білімнің негізі» тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: резиденттердің және білім алушылардың жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту, сондай ақ медициналық маманның кәсіби этикасы мен жауапкершілігінің маңыздылығын түсіндіру.  
Іс-шара барысында 1 және 2 курс резиденттерге және 4-курс  «Медицина» мамандығының білім алушыларына Академиялық адалдық кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Академиялық адалдық стандарты және ішкі тәртіп ережелерінің негізгі талаптары түсіндірілді. Академиялық адалдықтың сапалы білім алудың басты шарты екені атап өтіліп, оқу үдерісіндегі адалдық, жауапкершілік, әділдік, өзара құрмет және сенім қағидаттарының маңызы түсіндірілді. Плагиатқа жол беру, көшіру, жалған мәлімет ұсыну, емтихан және басқа да бақылау жұмыстары кезінде рұқсат етілмеген көмекші құралдарды пайдалану академиялық адалдық талаптарын бұзу болып саналатыны ескертілді. Академиялық адалдықты сақтау, әділдік пен жауапкершілік таныту, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне жол бермеу және оқу тәртібін сақтау мәселелері талқыланды.
Кафедра ПОҚ- құрамы білім алушыларға оқу барысында әрдайым адалдық пен әділдікті басты қағида етіп, өз білімдері мен еңбектеріне жауапкершілікпен қарау түсіндірілді.
Сонымен қатар, ішкі тәртіп ережелерін сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Пікірлер орны (0)