Жобаға бағытталған оқыту бойынша баяндамаларды қорғау туралы есеп

Жобалық оқыту аясында «Жалпы тәжірибедегі дәрігер - 2» кафедрасы «Сау ЖОО, сау қала, сау өңір» тақырыбы бойынша баяндамаларды қорғауды ұйымдастырды. Жобаның авторы – м.ғ.д. Досыбаева Г.Н. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің зерттеу дағдыларын, сыни ойлау қабілеттерін және СӨС саласындағы білімдерін практикалық қолдану дағдыларын дамыту болды.
Баяндамашылар салауатты өмір салтының әртүрлі аспектілеріне арналған жобаларды ұсынды, олардың ішінде келесі топтар қатысты: I-ЖТДҚ 01, 04, 09, 10, 11, 20-23. Бұл топтар өздері әзірлеген және қорғаған баяндамаларда келесі өзекті тақырыптарды қамтыды:
1. Шылым шегу және оның денсаулыққа әсері.
2. Энергетикалық сусындардан бас тарту – ұзақ өмір сүрудің негізі.
3. Шымкент қаласындағы поликлиникалардағы жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыру көрсеткіштері.
4. Психологиялық денсаулық және аудандық мектептер мұғалімдерінің стреске төзімділігі және т.б.
Баяндамалардың қорғалу барысы презентация түрінде өтті, олар иллюстрациялармен, статистикалық деректермен және өмірден алынған мысалдармен толықтырылды. Қатысушылар тақырыпты терең түсінгендерін, зерттеу әдістерін меңгергендерін және қоғамдық сөйлесу дағдыларын көрсетіп өтті. Әрбір баяндамадан кейін талқылау жүргізіліп, сұрақтар қойылып, пікірлер айтылып, ұсыныстар берілді.
Іс-шара қатысушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетті. Ең табысты жобалар практикалық ұсыныстар мен интерактивті элементтерді (сауалнамалар, тестілер, анкета) қамтыған жобалар болды.
Баяндамаларды қорғау қорытындысы бойынша келесі тұжырымдарды жасауға болады: Дәрігер-интерндердің салауатты өмір салтына қызығушылығы артты. СӨС кешенді тәсілді қажет ететіні анықталды, бұл дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және психологиялық әл-ауқатты қамтиды. Жобаларды талқылау қатысушылар арасында білім алмасуға және олардың таным ауқымын кеңейтуге ықпал етті.
Қорытынды сөз кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Досыбаева Г.Н. -ға берілді, ол жобалық оқыту бойынша СӨС тақырыбына арналған баяндамаларды қорғау іс-шарасы сәтті өткенін атап өтті, студенттерге денсаулық мәселелерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік бергенін және олардың қоғамдық сөйлесу, ақпаратты талдау және өз пікірлерін дәлелдеу дағдыларын меңгеруіне септігін тигізгенін айтты.

12.03.2025, 11:57
113 қаралым