Жаздық суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік техникасы бойынша кездесу

2023 жылдың 18 мамыр күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің кіші мәжіліс залында білім алушылар мен төтенше жағдайлар қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Серік Әуесхан Досболұлы, Шымкент қаласының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Мейірбеков Ильяс Пердалыұлы, Маханова Минура Үсенқызы, Апаттар медицина орталығының дәрігері Жапбар Ғалымжан Қамбарұлы мен колледж 1 курс студенттері, жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны Әскери-жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің меңгерушісі Усенов Иманали Сархатович ашып берді. Ары қарай сөз кезегін Шымкент қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Серік Әуесхан Досболұлы алып, қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін ресми 5 орын бар, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілгенін айтты. Олар Тоғыс су қоймасының «Холодильник», Бадам су қоймасының «Рахат Бадам» және Қошқар ата өзенінің бастауы. Шымкент қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының 55 құтқарушысы халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратыны жайлы да айтып өтті. Сөз кезегін Апаттар медицина орталығының дәрігері Жапбар Ғалымжан Қамбарұлы жалғастырып дәрігерлер келгенше көрсетілетін алғашқы көмек жайлы кеңінен тоқталып өтті. Және де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Мейірбеков Ильяс Пердалыұлы, Маханова Минура Үсенқызы жаз мезгіліндегі шомылу аймақтарында қауіпсіздік шаралары туралы, алдын алу шаралары туралы айтып, барынша абай болуға шақырды.

19.05.2023, 11:09
394 қаралым