Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау
12 ақпан 2025 жылы «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы Байконсова Лаура Омаровна М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназиясының шақыртуымен, оқушылар арасында денсаулық сақтау мәселелерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған семинарға қатысты. Іс-шараның басты тақырыбы – «Жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулар, ерте жүктілік пен түсік жасатудың зардабы» болды. Семинар барысында Лаура Омаровна жасөспірімдерге салауатты өмір салты мен аурулардың алдын алу жайлы жан-жақты ақпарат беріп, жастарды денсаулық сақтау мәселелері бойынша сауаттылықты арттыруға шақырды.
Іс-шара соңында мектеп директоры А.А. Сахова оқушыларға көрсетілген тәрбие мен білім берудегі үлкен үлесі үшін Лаура Омаровнаны алғыс хатпен марапаттап, оның осы саладағы еңбегін жоғары бағалады.
