«Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» тақырыбындағы кездесу

2025 жылдың 24 ақпан күні Жастар саясаты бөлімі мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты - жастарға тәрбие беру, құқықбұзушылық жөнінде жан жақты түсініктеме беріп, заң шеңберінде өз құқығын дұрыс пайдалану, заңға қарсы келетін әрекеттер, заң алдындағы жауапкершілік пен құқықбұзушылықтың әсіресе нашақорлықтың алдын алу және оны болдырмау. Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, подполковник Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов мен студенттер қатысты. Өз сөзінде Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, подполковник Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов қазіргі заманның балаларына төніп тұрған қауіп – мобильді немесе компьютерлік ойындар сатып алу кезіндегі қаржылық алаяқтық. Көптеген онлайн-ойындарда пайдаланушыларға керек-жарақ, ең жоғары деңгейге дейін жету немесе қандай да бір жаңа локацияларды бұзу үшін бонустар сатып алу ұсынылады. Әрине, бұл – жеңілдікпен кез келген ойындарды сатып алуға немесе ақылы ойынды төмен бағамен жарнамасыз сатып алуға қызықтыратын ұсыныс. Мұндай жағдайда уақыт өткізбей 102 операторына қоңырау шалып, айтылған ақпараттың шынайылығын тексере алатындықтарын айтты. Кездесу соңында Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев мырза студенттерді заңға қарсы келетін әрекеттерден аулақ болып, тек білім алуға ұмтылуға шақырды.

24.02.2025, 17:42
197 қаралым