«World skills» колледжішілік чемпионаты өтті
«Мейіргер ісі-1» кафедрасының ұйымдастыруымен «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы медицина колледжінде «Worldskills-2025» колледжішілік чемпионаты өтті.
Конкурстың мақсаты білім алушылардың теориялық, практикалық білім деңгейін тереңдету және кеңейту, кәсіби білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын анықтау, манипуляцияларды орындау дағдыларын бекіту, белсенді тыңдау, сөйлеу, бақылау, есте сақтау, коммуникативтік, критикалық ойлау дағдыларын бағалау, кәсіби қасиеттерді, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және кәсіптің беделін арттыру болды.
Чемпионатқа «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша Байғабыл А. Б, Нарбай Ә.Н, Арзыхулова Н.П, Ерман А. Б, Ақылдын А.З қатысты.
Білім алушыларды Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы медицина колледжінің директоры Кушкарова А.М, №2 Қалалық аурухананың емхана бөлімінің жалпы тәжірибелі аймақтық бөлімінің аға мейіргері Худайбергенова З.Р, «Мейіргер ісі - 2» кафедрасының оқытушысы Ирниязова У.И эксперт ретінде бағалады.
Сонымен қатар, студенттердің жұмысын «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің директоры – Кушкарова А.М, №2 қалалық аурухананың емхана бөлімінің жалпы тәжірибе аймақтық бөлімшесінің аға мейіргері – Худайбергенова З.Р, «Мейіргер ісі – 2» кафедрасының оқытушысы – Ирниязова У.И сынды сарапшылар бағалады.
«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша «World skills -2025» чемпионаты 3 модульде өтті. Атап айтар болсақ:
Модуль А. Стационар жағдайында операциядан кейінгі кезеңде пациентке күтім жасау.
Модуль В. Күндізгі стационар жағдайында бронх демікпесі бар науқасқа кеңес беру.
Модуль С. Үй жағдайында онкологиясы бар науқастың патронаж жасау.
Модульдерде берілген тапсырмалар бойынша, конкурсанттар теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Эксперттер чек-листтер бойынша бағалап, қорытындысын шығарды. Нәтижесінде «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі білім алушылары жүлделі орындарға ие болды.
Байғабыл А. Б. І орынды, Нарбай Ә.Н. ІІ орынды және Арзыхулова Н.П. ІІІ орынды иеленді. Басқа қатысушылар сертификатпен марапатталды. Байғабыл А. Б. өңірлік чемпионатқа жолдама алды.
