Табиғи өнімдерді зерттеудің Ұлттық орталығында өткен ғылыми тағылымдама

Фармация факультеті декан орынбасары, фармакогнозия кафедрасының доцент м.а. Козыкеева Раушан Айдарбековна «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өткізген, «500 ғалым» жобасында грант иегері танылып, 23.10.2023 ж. – 21.01.2024 жж. (3 ай) аралығында АҚШ, Миссиссиппи штатының, Оксфорд қаласында орналасқан Миссиссиппи университеті, Фармация мектебі, Тэд Кокран зерттеу орталығына қарайтын, табиғи өнімдерді зерттеудің ұлттық орталығында (ТӨЗҰО) ғылыми тағылымдамадан өтті.


Фармация мектебі (Миссиссппи университеті)
Ғылыми таным


Сілтемеден аударылған


Әлемге әйгілі ТӨЗҰО потенциалды пайдалы табиғи өнімдерді зерттеу, дамыту және коммерцияландыру үшін 1995 жылы құрылған болатын. Миссисипи университетінің фармация мектебінде орналасқан ТӨЗҰО адам денсаулығы мен ауыл шаруашылығын дақылдар, фармацевтика, тағамдық қоспалар және агрохимиялық препараттарды жақсарту үшін пайдалануға болатын табиғи өнімдерді жасау үшін ғалымдармен, үкіметпен және фармацевтикалық және агрохимиялық салалармен ынтымақтасады.
Ғылыми тағылымдама барысында Раушан Айдарбековна «Химиялық технологиялар» бағыты бойынша қазіргі заманғы талдау құралдарын қолдана отырып, табиғи дәрілік өнімдерді бөліп алу (бағаналы хроматография түрлері, препаративті ЖЭСХ), тазалау (бағаналы хроматография түрлері, қатты фазалы экстракция, ЖТЖҚХ), бөліп алынған таза, жаңа заттардың химиялық құрылымын анықтау (ЯМР спектроскопия, СХ-МС, ГХ т.б.) бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тағылымдама өту нәтижесінде Раушан Айдарбековна ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша дағдыларын арттырды және ғылыми тағылымдамасын сәтті аяқтап, қазіргі таңда өз қызметін жалғастыруда.

07.02.2024, 15:23
470 қаралым