«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: Адалдық жолынан айнымайық» тақырыбында іс-шара

2025 жылдың 25 ақпан күні «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы жетекшілік ететін ФӨТҚАБ – 01-24 топ білім алушылары мен Әль-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: Адалдық жолынан айнымайық» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР МІІ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының аға оқытушысы, полиция полковнигі Қуанышбекқызы Нұргүл, ҚР МІІ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының бөлім басшысы, полиция капитаны Мекенбай Мейрамбек, Шымкент Университетінің «Құқық және тарих» кафедрасының заң ғылымдарының магистрі Камалханов Серіхан арнайы келіп, жемқорлықтың салдарын жан-жақты түсіндіріп берді. Бұл шара жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, адалдық пен парасаттылықты қоғамда насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды. Білім алушылар Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, марапатқа ие болды.

25.02.2025, 16:36
179 қаралым