«Сыбайлас жемқорлық үшін құқықтық жауапкершілік» атты семинар

28.04.25ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық үшін құқықтық жауапкершілік» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинарға ОҚМА комплаенс офицері Пернебаев Нургали Алиханович қатысып, 1 курс «Медицина» БББ білім алушыларына ОҚМА-ғы комплаенс офицердің қызметі және әдеп нормалары туралы баяндады.
Максаты: білім алушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның қоғамға және мемлекеттің дамуына тигізетін кері әсері туралы түсінік беру, сондай-ақ заң жүзіндегі жауапкершілік түрлерімен таныстыру болып табылады.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен түрлері,
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, құқықтық жауапкершілік түрлері жайлы мәліметтер берілді. Студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағатталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
Семинар соңында қатысушыларға алғыс айтылып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның әрбір мүшесінің міндеті екені еске салынды. Білім мен заңды білу – жемқорлықпен күрестің басты құралы екені ерекше аталып өтті.

28.04.2025, 16:25
99 қаралым