САМАРҚАНДҚА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «ЖТД-2» кафедрасының меңгерушісі Г.Н.Досыбаева, Е.Т.Отумбаева Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласында орналасқан Самарқанд Мемлекеттік медицина университетінде академиялық ұтқырлық бойынша тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарға барып қайтты.
Академиялық ұтқырлық аясында «Отбасылық және превентивті медицина» каферасында ПОҚ, резиденттерге, магистранттарға, докторанттарға Г.Н.Досыбаева «Отбасылық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбында, Е.Т.Отумбаева «Отбасылық дәрігердің тәжірибесіндегі эндокринологияның өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар аясында ана мен бала денсаулығы, репродуктивті денсаулық, босануға дейінгі көмек, гастроэнтерология, асқазан жарасы, геронтологияның өзекті мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, Самарқанд Мемлекеттік медицина университетінде IV Халықаралық ғылыми-практикалық «Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялар» конференциясы, II Еуразиялық хируртар конгрессі өтті. Аталған іс-шараға Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркия елдерінің мамандары қатысып, баяндама жасап өз тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция СММУ ректоры Ризаев Жасур Алимджановичтің құттықтау сөзімен ашылып, пленарлық мәжіліс ҚР ДСМ бас ревматологы Тоғызбаев Ғалымжан Асылбекұлының, РФ И.Кант атындағы Балтық федералды университет профессоры, м.ғ.д. Коренев Сергей Владимировичтің және Тәжістан, Өзбекстан елдері ғалымдарының құттықтау сөздерімен жалғасты.
Отбасылық секциясында «ЖТД-2» кафедрасының меңгерушісі Г.Н.Досыбаева «Принципы подготовки врачей общей практики-опыт Казахстана», Е.Т.Отумбаева «Распространенность фиброзных изменений печени у взрослых», ішкі аурулар секциясында Г.Н.Досыбаева «Беременность – нужен ли женщине гастроэнтеролог?» тақырыбында баяндама жасады.
Шетел ғалымдарының зерттеулері мен нәтижелерін тыңдап, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берген академияға ризашылығымызды білдіреміз.

09.04.2025, 11:54
167 қаралым