Салауатты өмір салтын насихаттау «Энергетикалық сусындардың адам өміріне әсері» және «Ғаламтор және адам»

«ЖТД-2» кафедрасының меңгерушісі Досыбаева Гульжан Нурбековнаның бастамасымен ассистент Отумбаева Е.Т. және ІЖТДҚ 01-23 топ интерндері Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында №133 жалпы білім беру мектебінің 8, 9, 10-сынып оқушыларына және Оңтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің 3, 4-курс студенттеріне «Энергетикалық сусындардың адам өміріне әсері» және «Ғаламтор және адам» тақырыбында семинар-сабақ жүргізді.
Семинар барысында өздері тәжірибе ретінде түсірген арнайы бейнетаспаны көрсетіп, энергетикалық сусындардың денсаулыққа жағымсыз әсерін түсіндірді.
Жастар арасында XXI ғасыр індеті саналатын интернетке тәуелділіктің таралуы, клиникалық әсері мен интернетке тәуелділіктің шешу жолдарын түсіндірді.

21.02.2024, 10:50
211 қаралым