САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы , «Жалпы тәжірибелік дәрігер -2» кафедрасының кафедра меңгерушісі Гүлжан Нұрбекқызы Досыбаева және кафедрамыздың білікті маманы Мая Әділбекқызы Таскынова жетекшілігімен ұйымдастырылған «Салауатты өмір салты» - атты үлкен жобаның кезекті іс –шарасы №7 К.Спатаев атындағы мектеп-лицейінде 08.02.2024ж,«Техникалық лицей»жеке мекемесі мектебінде 09.02.2024ж, «ZIYATKER TURAN» жеке мекемесі мектебінде 14.02.2024 күні өткізілді.
Іс –шара аталған мектептің 2 буынымен жүргізілді. Біріншісі жоғарғы 9-10сынып оқушыларымен өтсе, екінші іс-шарамыз мектеп әкімшілігінің өтінішімен кіші 6-7-8 сынып оқушыларымен жүргізілді. Жоба барысы түсіндірме жұмысынан басталып, аудиториямен ашық сұрақ-жауап,қызықты тәжірибе жұмыстары ,сауалнама жүргізу,ойындар мен сергіту сәттерін түгел қамтып,пайдалы әрі қызықты жоғары деңгейде жүргізілді.
Ауқымды іс-шаралар үшін ОҚМА ректоры профессоры: Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков.ОҚМА интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру бөлімінің деканы PhD доктор: Қанатжан Сауханбекұлы Кемелбеков және «ЖТД-2» кафедра меңгерушісі м.ғ.д.,профессор: Гүлжан Нұрбекқызы Досыбаева, кафедра дәрігері : Мая Әділбекқызы Тасқынова.ОҚМА ІЖТДҚ-04-23 тобының дәрігер интерндері мектеп тарапынан ерекше алғысқа бөленіп,марапатталды. Іс –шара барысында түсіндірме жұмыстарымен ,жобаның жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосқан Crown med ұжымы-
I-ЖТД -04-23 тобының дәрігер-интеріндері :
Абдразахова М.Е. Бахтыбай У.М. Жасұзақ Ғ.Н. Жумабаев Т.Д. Қожамберді А.Б. Турлыбаев М.А.
Жоба аясында салауатты өмір салтын насихаттау,жасөспірімдер арасында темекі тұтынуының белен алуы мен энергетикалық сусындардың адам организміне зияндылығы және оқушылар арасында дәрігер маманы болуға қызығушылық туындағанына байланысты түсіндірме жұмысы өткізілді.
Жоба мақсаты: Адам денсаулығы-бұл ауру мен физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы.
Салауатты өмір салты — адамның денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін мінез-құлқы мен ойлауы; міндеттерді орындауға байланысты міндеттерді шешу және жеке мәселелер мен сұраныстарды шешу үшін адамға қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін жеке әдеттер жүйесі; адамның қоршаған ортамен және сол арқылы жеткілікті және оңтайлы алмасуын қамтамасыз ететін өмір жүйесі денсаулықты қауіпсіз деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Өмір салтын адам өмір сүретін қоғам немесе топ қалыптастырады. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру медициналық емес, ең алдымен тәрбиелік міндет болып табылады.Жобаның негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын бұзу белен орын алуына байланысты медициналық,тәрбиелік іс шара жүргізілді.
Жоба аясында презентация,видеоролик,мотивациялық дискуссия,белсенділер арасында сыйлық кәде,салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты таэквондо үйірмесіне абонименттер берілді.
Жоба нәтижесінде:Оқушылар темекі,электронды темекі,кальян,энергетикалық сусындарды пайдаланғанда және организмінде пайда болған өзгерістері туралы айтылып,салауатты өмір салтын ұстанатындықтары туралы,зиянды әдеттерден арылатындықтарын атап өтті.
Оқушылар тарапынан жобаға байланысты жеке пікірлерін білдіріп,алғыстарын айтып,келесіде тағыда осындай жобамен келуімізді өтінді.

26.02.2024, 16:33
130 қаралым