Қыздар арасындағы консультациялық семинар тренинг

2024 жылдың 20 ақпан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен «Айкөркем» қыздар кеңесінің ұйымдастыруымен «Мезгілсіз жүктіліктен сақтану». «Контрацепция» тақырыбында қыздар арасында кеңестік тренинг-семинар өткізілді. Кездесуге спикерлер Тараз қалалық Дерматология медициналық орталығының гинеколог, онкологы Есинбек Зауреш Алтынбекова және академияның 1 курс студент қыздары қатысты.

Аталған шараны Айкөркем тобының жетекшісі Аманжолова Қарақат ашып беріп, іс шара мақсатын айтып өтті. Басты мақсат – қыздардың жеке гигиенасы, моральды денсаулықтың маңыздылығын айтып келген қонақтарға сөз кезегін берді.
Дерматология медициналық орталығының гинеколог, онкологы Есинбек Зауреш Алтынбекова негізгі мәселелер жыныстық жетілу кезеңінің физиологиясы, қалыпты етеккір циклы, гигиена шаралары, ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу, контрацепция әдістері, жыныстық жолмен берілетін аурулар, бұл қандай салдарға алып келетіні жайлы студент жастарға оның алдын алу жолдарын түсіндіріп өтті.
Іс шараны соңы студенттердің сұрақ жауабымен аяқталды.

21.02.2024, 15:22
176 қаралым