«Қарттарым-қазынам»

2024 жылы 19 ақпанда ОҚМА АҚ Педиатрия– 1 кафедрасы Қ.С. Кемельбеков және А.Е.Төлеуова жетекшілігімен ЖМҚБ-04-21 тобының білім алушыларымен бірге №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Орталығына (қарттар үйіне) барды.
Бүгінде елімізде түрлі себептермен қарттар үйінде, жақындарынан жырақта тұруға мәжбүр болған ата-әжелер бар. Қарттар үйіне барудағы басты мақсатымыз – оларға жылы лебізіміз бен қолдауымызды білдіргіміз келді.
Ыңғайлы ортада ашық әңгіме өрбітіп, ата-әжелеріміз келгенімізге дән риза болды. Олар өз өмірлеріндегі түрлі қызықты оқиғаларды ықыласпен айтып, бізбен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті, өмірлік тәжірибелік кеңестер мен нұсқаулар берді. Біз оларға жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келіп, ата-әжелерімізге арнап шағын мерекелік дастархан, дәм-тұз дайындап, концерттік бағдарлама ұйымдастырдық.

Біздің мұндай мекемеге баруымыз уақытты, өмірді және өзімізге деген көзқарасымызды қайта қарауға мәжбүрлейтін ерекше тәжірибе болды.
Осылайша, қарттар үйіне бару біз үшін уақытпен кездесу ғана емес, оның құндылығын түсіну болды. Бұл тәжірибе біздің өмірге деген көзқарасымызды өзгертті және жүрегімізді шексіз уақыт ағымында берілген әрбір сәт үшін ризашылыққа толтырды.

20.02.2024, 17:46
179 қаралым