Отбасылық медицинадағы өзекті мәселелер айтылды
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Ғылым күніне орай отбасы медицинасы кафедрасы терапия және кардиология кафедрасымен және №8 қалалық емханамен бірге «Отбасылық медицинаның өзекті сұрақтары» атты тақырыпта кафедрааралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Ғылыми конференция үш тілде, яғни қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізілді. 16 баяндама жасалды. Оның 4-еуі ағылшын тілінде жасалды.
Конференция модераторы, отбасылы медицина кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к., қауымдастырылған профессор Ж. А. Кауызбай қысқаша кіріспе сөзден кейін конференцияның құрметті қонақтарына ОҚМА ғылыми жұмыстар секторы менеджері Мұхамедиаров Майдан Нағашыбаевичке, № 8 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Ізбасарова Альбина Асылбековнаға, интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканы, PhD Кемельбеков Қанатжан Сауқанбековичке, Терапия және кардиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к.,доцент Асанова Ғалия Құтымбетовнаға құттықтау сөз берілді.
Конференцияның ашылу салтанатынан кейін №8 қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Избасарова Альбина Асылбековна «Вакцинация против ВПЧ: что должен знать специалисты» тақырыбында, Отбасы медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., қауым.профессор Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы «Метаболический синдром в практике семейного врача» тақырыбында, Терапия және кардиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к.,доцент Асанова Ғалия Құтымбетовна «Гемодинамические изменение у больных ХСН с сопутствующей ХБП» тақырыбында мазмұнды баяндамалар жасады.
Баяндамашылар ғылым күніне дайындаған өздерінің презентацияларын оқыды. Онда жиі кездесетін және қазіргі уақытта өзекті болып отырған аурулар да біраз тақырыптарға өзек болды. Тақырыпты кеңінен ашып, ауру симптомдарын және диагнозды тұжырымдау мен соңғы хаттамаларға сәйкес ем жүргізудің өзекті мәселелерін айтты. Презентация соңы №8 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігерлері мен конференцияға қатысушылары арасында, тақырыпқа сәйкес өзекті мәселелер көтеріліп, қызу талқыланды. Емхана дәрігерлері өз тәжіребелерімен бөлісті.Презентация соңында 3 қатысушыға жүлделі орын берілді және барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
Конференцияның мақсаты мен негізгі міндеттері интерн және резидент дәрігерлер мен профессор-оқытушылар құрамы және жалпы практика дәрігерлері арасында медицинаның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер саласында теориялық және практикалық тәжірибе алмасу, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының білімі мен дағдыларын жетілдіру, педагогтар мен практикалық денсаулық сақтау дәрігерлерінің жалпы ғылыми және арнайы ой-өрісін кеңейту, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау болды.
