Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында Академиялық Ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық шеңберінде 20.11.2023ж. – 24.11.2023ж. аралығында «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінде» КЕАҚ «Жалпы гигиена» кафедрасының аға оқытушысы Жиенгалиева Алия Нурашевна «Апаттар медицина» пәні бойынша 20 сағат көлемінде күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәй «Тіс технигі» мамандықтарына АҚ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында аудиториялық және симуляциялық сабақтар өткізді.

Аудиториялық және симуляциялық сабақтар оқытудың инновациялық технологияларын, проблемалық оқыту элементтерін пайдалана отырып, мына тақырыптар бойынша: суға батқандар аймағында алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, организация экстренной медицинской помощи населению в ЧС, төтенше жағдайларда халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тақырыптарында жоғары кәсіби деңгейінде өткізілді.
Аудиториялық сабақтар барысында алған білімді бекіту және қалыптасқан білгірлігін өзектендіру үшін білім алушылармен кері байланыс орнатылды. Қойылған сұрақтарға толық жауап алған білім алушылар алғыстарын айтып оң пікірлерін білдірді.

Сапар соңында оқытушылар жылы лебіздерін білдіріп, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орындарының одан әрі белсенді ынтымақтастығы туралы куәландырды.

05.12.2023, 17:41
217 қаралым