"Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі"
2025 жылдың 31 наурыз күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы колледжінің Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Ж.С.Сарымсакова, А.А.Исабекова, А.Е.Кенжебектің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталықтың 1-күн: «Тілім менің – тірегім» ашылу рәсімі. Апталықтың мақсаты білім алушыларды өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу.Апталықтың ашылу салтанатында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев Амангелды Тойболұлы сөз сөйледі. Мемлекеттік тілді құрметтеуге әдет - ғұрыптарымызды сыйлауға, алған білімдерін іс жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу деп атап өтті. Кітапханалық ақпараттық орталығының кітапханашысы Қуанышбекова Еркежан Азимханқызы «Тіл - асыл қазына» тақырыбы аясында кітап көрмесіне шолу жасап, қазақ халқының ақын жазушыларының шығармаларымен таныстырды.
