Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы

2023 жылдың 4 желтоқсан күні Фармацевтикалық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен,16-желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Лаула,лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты тақырыбында СФҚ-11-01-21 тобының студенттерімен тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие жұмысы барысында студенттер осы тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін ,тәуелсіздік жолында қанша аға-әпкелеріміздің жанын қиғанын, өлең-шумақтармен,көріністермен адам жүрегіне жеткізе білді.

Тәрбие жұмысы барысында студенттер Тәуелсіздік күні, ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек екенін көрсетті. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен бірлікке толы екендігін жеткізе алды.

06.12.2023, 18:06
296 қаралым