«Фармация саласындағы теория мен практиканың коллаборациясы» Дөңгелек үстел

2025 жылғы 24 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы "АҚ-да «Фармация саласындағы теория мен практиканың коллаборациясы» тақырыбында фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы саланың жұмыс берушілерімен кездесу үшін дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – облыстағы фармацевтикалық кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты мәселелерді шешу.
Дөңгелек үстел модераторы Оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры , м.ғ.д. Анартаева М.У. сөз сөйледі.
Келесі баяндамалар тыңдалды:
1. «Фармация саласындағы тәжірибе мен білімнің өзара әрекеттесуі» фармация факультетінің деканы доцент м.а., PhD Умурзахова Галия Жанбурбаевна.
2. «2024 жылғы кластерлік даму қорытындылары: мақсаттары мен міндеттері», фарм.ғ.к., «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының доценті, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша фармацевтикалық білім беру бағдарламаларының жобаларын басқару тобының Оқу-әдістемелік бірлестік төрайымы, Шымкент қ. медико-фармацевтикалық кластер Төрағасының сенімді уәкілі Ибрагимова Айгул Гаппаровна.
3. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясының» кәсіби стандартының жобасы туралы», фарм.ғ.к., "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" кафедрасының проф л.а. Торланова Ботагоз Онгаровна.
4. «ОҚМА бітіруші түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері және мамандыққа сұраныс», интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканы, PhD Кемельбеков Қанатжан Сауханбекович.
5. "Өңірдің фармация саласының өзекті мәселелері", «ОҚО «Даму» Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Альжанова Хадиша Дербисовна.
Дөңгелек үстелді «ОҚМА» АҚ әкімшілігі ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге 30-тан астам адам қатысты, атап айтқанда: Султанова Т.Ж., Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Асылбеков Н.А., Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Нұрмашев Б.Қ., Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Денсаулық сақтау саласы кеңесінің төрағасы, «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластер «Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, профессор, Караев С.Р. «Химфарм» АҚ инвестициялық жобалар және келісімшарттық өндіріс жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, Шымкент қаласы (офлайн), Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысы бойынша (онлайн) департамент басшылары, «ОҚО «Даму» Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі директоры, «Экофарм Интернэшнл» ЖШС, Раузе-АДЕ ЖШС, «BioEtica» ЖШС, «Зерде-Фарм» ЖШС, «ТИН» ЖШС, «Фито-Апифарм» ЖШС, «Зада-Фарм» ЖШС (онлайн), «Медсервис Плюс» ЖШС уәкілі, ОҚО аурухана дәріханасы меңгерушісі, ҚР ӘМ Сот-сараптамалар орталығының Шымкент қ. бойынша «Сот-сараптама институты», Т.О.Орынбаев атындағы Облыстық гипербариялық оксигенация орталығы, "ЮгМедФарм" ЖШС, Шымкент қаласындағы «Садихан» ЖШС өкілі, ҚР ДСМ «Психикалық денсаулық сақтау орталығы» (онлайн), «Алмасат» ЖШС Алматы (онлайн), ҚР ДСМ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» Тараз қ. (онлайн), «Химфарм» АҚ өкілдері (онлайн), сондай-ақ «ОҚМА» АҚ басшылығы, құрылымдық бөлім басшылары және «Фармация» БББ және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ оқытушылар құрамы (офлайн, онлайн).
«Фармация саласындағы теория мен практиканың коллаборациясы» атты дөңгелек үстел тақырыбы бойынша мәселелерді талқылау барысында мынадай қорытындылар мен ұсынымдар жасалды, олардың қорытындысы бойынша резолюция қабылданды:
1. Жұмыс берушілердің қатысуымен «Фармация» және "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларын жаңарту және үнемі жетілдіріп отыру.
2. Бекітілген "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" кәсіби стандарт негізінде, "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасын өзектендіру.
3. Білім беру процесіне өндірістік тәжірибені және дуалды оқытуды үнемі іске асыру.
4. Жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, 6B10106 «Фармация» және 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бакалавриат білім беру бағдарламаларында элективті пәндер каталогын өзектендіру.
5. 6B10106 «Фармация» және 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бакалавриат білім беру бағдарламаларының; магистратура 7M10104 «Фармация»; 7М10142 «Фармация» (ғылыми-педагогикалық); докторантура 8D10140 «Фармация» миссияларын мақұлдау.
6. 6B10106 «Фармация» және 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларының түлектерді даярлау моделін қабылдау.
7. Түлектерді жұмысқа орналастыруға тұрақты мониторингін жүргізу және бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз ету.

29.01.2025, 13:49
321 қаралым