«Фармация» факультетінің деканаты мен студенттерінің бірлескен жұмысы туралы

12.02.24-15.02.2024 ж. күндері Фармация факультеті қызметкерлері ОҚМА студенттік «Болашақ» академиялық жастар орталығы мүшелерінің қатысуымен Фармация факультеті «Фармация» және «ФӨТ» білім беру бағдарламаларының барлық топ жетекшілерімен жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста топ жетекшілеріне Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы 2024 жылғы 8 ақпандағы №2 қаулысы «Сақтық шараларын күшейту туралы», ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитет №14-0/662-ВН 08.02.2024 ж. «2024 ж. 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне өту» туралы хаты, ОҚМА АҚ «Академиялық саясаты», ОҚМА АҚ «Жазбаша және ауызша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу ережесі», ОҚМА АҚ «Компьютерлік тестілеу түрінде білім алушылардың аралық аттестациясын ұйымдастыру ережесі», ОҚМА АҚ «Жатақханада тұру ережесі», санитарлық кітапшаларды мерзімінде толтырып өткізу, курстан курсқа өту балдары, деканаттан өтем парақтарын алу, алынған өтем парақтарын өткізу, ақылы негізде оқитын студенттердің төлем ақы төлеуі туралы айтып таныстырылды.
Кездесу соңында "Болашақ" студенттік академиялық жастар орталығының мүшесі Чапай Нұршат "Лудомания, нашақорлық, кибербуллинг, қазіргі жастар арасындағы құмар ойындар" тақырыбында топ старосталарымен әңгіме өткізді.

21.02.2024, 15:37
171 қаралым