"ЭКО-ФАРМ" БАЗАСЫНДА "ФАРМАЦИЯ " БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ
АҚ ОҚМА мен ЖШС "ЭкоФарм Интернейшнл" арасындағы ынтымақтастығы шеңберінде "Фармакогнозия-2" пәні бойынша "6В10106-Фармация " білім беру бағдарламасының 3 курс В-ФО-02-22 тобы студенттерін дуальды оқыту жүзеге асырылды. " ЭкоФарм Интернейшнл " фармацевтикалық компаниясы жанындағы "BioEtica" ЖШС сынақ орталығының меңгерушісі Олжабай Аязбек, физика-химия зертханасының меңгерушісі Сұлтанбекова Сәуле Төрегелдіқызы дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бақылау тақырыбы бойынша материалдар ұсынды.
Оқу барысында студенттер дәрілік өсімдік шикізатын талдаудың әртүрлі түрлерін жүргізу процестерімен танысты. Шикізатты талдау тауарлық, фармакогностикалық, фитохимиялық талдауларды қамтуы мүмкін.
Дуальды оқытудың мақсаты студенттердің стандарттау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, дәрілік өсімдік шикізатының сапасын реттейтін нормативтік құжаттармен танысу болды.
Біріктірілген бұл әдістердің барлығы шикізаттың сапасы және оның дәрілік препараттарда қолдануға жарамдылығы туралы толық түсінік бере алады.
Дәрілік өсімдік шикізатын тауарлық талдау-бұл нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес өнімнің сапасы мен түпнұсқалығын бағалауға мүмкіндік беретін шикізатты талдаудың ең толық түрі.
Білім алушыларға Сокслет аппаратын пайдалана отырып, хош иісті насыбайгүл шөптерінің эфир майын стандарттау және алу мүмкіндігі берілді.
Зерттеу кезінде : шикізаттың ұсақталу дәрежесі, онда бөгде қоспалардың болуы, оның құрамындағы белсенді заттардың деңгейі, ылғалдылық дәрежесі, 10% HCL-де ерімейтін күл қоспасының мөлшерін анықтады.
Фармакогностикалық талдау өз кезегінде макроскопиялық, микроскопиялық және фитохимиялық зерттеулерді қамтиды.
Дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бағалаудан басқа, "Эко-Фарм" ЖШС Қан алуға, сақтауға арналған бір реттік стерильді вакуумдық түтіктер, стерильді медициналық екі жақты инелер және "AVATUBE" сауда маркасымен бір рет қолданылатын ине ұстағыштар сияқты медициналық бұйымдарды өндірумен және таратумен айналысады; травматология мен ортопедияда қолданылатын иммобилизациялық таңғыштарды қалыптастыру және тірек-қимыл аппаратының әртүрлі сегменттерін ортопедиялық түзету үшін "Marai" полиуретанды ортопедиялық таңғыштар мен шиналар шығарады.
Осылайша, дуальды оқыту жүйесі болашақ кадрларға теориялық дайындықтың жоғары деңгейін сақтай отырып, практикалық дағдыларды жақсартуға көмектеседі.
