«Дүниежүзілік сайлау күні»

Жыл сайын 1 ақпанда барлық елдерде 2005 жылы құрылған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Дүниежүзілік күн жалпыға бірдей сайлауға қатысу құқығын және демократиялық азаматтық құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуді білдіреді. Осыған байланысты Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында 3 ақпан 2025 жылы Шымкент қаласы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік сайлау күні» тақырыбында кездесу өтті. Аумақтық сайлау комитетінің төрағасы Т.Алиев білім алушыларға сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы айтып берді. Кездесу барысында колледж білім алушылары сайлауға қатысу-еліміздің әрбір азаматының борышы деген қорытындыға келді.

11.02.2025, 15:23
171 қаралым