Діни сенім бостандығы және экстремизмнің алдын алу
2025 жылғы 17 наурызда Шымкент қаласының Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог-мамандары Нұрдаулет Амангелді Бахытұлы мен Әбдіманап Нұрхан Нұртасұлының қатысуымен «Азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын түсіндіру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризмнің, нәсілдік және діни экстремизмнің таралуын болдырмау» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында мамандар терроризм мен экстремизмнің бүгінгі таңда қоғам үшін өзекті мәселе екенін атап өтті. Олар діни өшпенділік пен алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылыққа шақыруды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өмірі мен денсаулығына, құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін кез келген діни тәжірибені (діни экстремизмді) насихаттауға жол беруге болмайтынын түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша мамандар жастарды өз елінің патриоты болуға, дәстүрлі ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сондай-ақ олардың санасына кері әсер ететін деструктивті діни ағымдардан сақ болуға және қарсы тұруға шақырды.
Кафедра атынан теолог-мамандарға және белсенділік танытқан студенттерге алғыс білдірілді.
