«Дәрілік заттарды таңбалау» еліміздің фармация саласының өзекті мәселесі

2025 жылдың 05 ақпан күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ акт залында «Фармация» факультетінің ұйымдастыруымен, «ОҚО «Даму» Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі және BS IT Group ЖШС IT мамандарының қатысуымен «Фармация» факультеті ПОҚ, «Фармация» БББ 5 курс, «ФӨТ» БББ 4 курс және ОҚМА АҚ жанындағы медициналық колледжі «Фармация» БББ бітіруші курс білім алушыларына «Дәрілік заттарды таңбалау» бойынша дәріс өткізілді. Дәрісте «ОҚО «Даму» Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі директоры Х.Д.Альжанова, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілгенін хабарлады. Хадиша Дербисовна дәрілік заттарды міндетті таңбалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қазандағы қаулысымен көзделгендігін айтты. Сонымен қатар дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау және оларды сату жүйесінде жұмыс істеу үшін дәріхана ұйымдарына бақылау-кассалық машиналар қажет болатыны хабардар етті. BS IT Group ЖШС IT мамандары дәрілік заттарды міндетті таңбалауды қалай жүргізу керек екенін іс жүзінде көрсетті. Дәріс соңы дәріске қатысушылардың сұрақтарына жауап берумен аяқталды.

07.02.2025, 16:16
201 қаралым