Бухара қаласының Абу Али ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медициналық институтында « Жалпы тәжірбелі дәрігер – 1» кафедрасының Академиялық ұтқырлығы

АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы » мен «Абу Али ибн Сина» атындағы Бұхара мемлекеттік медициналық институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт негізінде төмендегі «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 7 курс ІЖТДҚ 34-22 тобының дәрігер-интерндері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 06.11.2023ж.- 18.11.2023ж. аралығында Бұқара қаласының «Абу Али ибн Сина» атындағы Бұхара мемлекеттік медициналық институтында «балалар аурулары» пәнінен оқудан өтті. Оқу барысында БММИ-ның профессор-оқытушылар құрамы 7-курс дәрігер-интерндеріне оффлайн режимде өзекті дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізіп, оқу бағдарламасымен, тәжірибелік дағдылар орталығымен таныстырып, ой-пікірлерімен бөлісті.

«Жалпы тәжірбиелі дәрігер » мамандығының 7-курс дәрігер-интерндері «ЖТД-гі балалар аурулары» пәні бойынша оқытушылардан арнайы дәрістер алды. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар барысында интерндер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, әсіресе клиникалық дағдылар орталығының жоғары деңгейде жабдықталуынан үлкен әсер алып, клиникалық емханаларда өз еріктерімен науқастармен жұмыс істеп белсенділік танытты.
Оқыту барысында интерндер Бухара қаласының Бұхара мемлекеттік медициналық институтында оқытудың жоғары деңгейімен және Орталық Азияның ежелгі тарихи қаласынан жақсы әсермен қайтты.Бұхара – мұражай - қаласы аумағында орта азиялық сәулет өнерінің түрлі тарихи кезеңдеріне жататын көптеген ескерткіштер сақталған.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы біздің дәрігер-интерндерімізге клиникалық ой-өрісін кеңейтуге, басқа елде болуға, басқа мемлекеттің жоғары оқу орнында білім алудың бірегей тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Осының барлығы жаңа достар тауып, үлкен әсер алып қана қоймай, болашақта өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұхара қаласына жасалған сапар соңында «Абу Али ибн Сина» атындағы Бұхара мемлекеттік медициналық институт ректоры Ш.Ж.Тешаев ОҚМА ректоры М.М.Рысбековке және ЖТД-1 кафедра меңгерушісі Г.М. Датқаеваға алғыс хат жолдады. Келешекте ЖОО-ның ПОҚ және білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде бұдан былай да өзара белсенді ынтымақтастық болатынына сенім білдірді.

28.12.2023, 09:55
318 қаралым