«Балалардағы обструктивті бронхит»

12.02.2025 жылы «ЖТД-3» кафедрасының ассистенті Онласбекова Г.М жетекшілігімен IЖТДҚ -17-23 интерн-дәрігерлерімен жоспарға сәйкес «Балалардағы обструктивті бронхит» тақырыбына ТДО-да «Стандартталған пациент» әдісімен тәжірибелік сабақ жүргізілді.
Сабақтың мақсаты: балалар арасында жиі кездесетін обструктивті бронхит кезінде жедел медициналық көмек көрсетуді меңгеру, тәжірибелік дағдыларды игеру және машықтандыру, білімдерін жетілдіру.
Стандартталған пациент клиникалық сценарий көрсету барысында жалпы тәжірибелі дәрігердің қабылдауына келген науқас қыздың анасынан анамнез жинауын, науқасты жалпы қарауын (тері түсін, май қабаттарының дамуын, лимфа бездерінің мөлшерін, жасына сай тексеру жүргізу), антропометриялық тексеру жүргізілуін және ем-шара жасау бөлмесінде мейірбике небулайзер аппаратымен ем жүргізу техникасын көрсетті.
Клиникалық сценарий бойынша;
ЖТД дәрігер -Кемалова Жұлдызай , анасы -Жұмабекова Нұрай, қызы -Құрбанбай Диана, учаскелік мейірбике Елемесова Аида-, ем-шара бөлімінің мейірбикесі -Егенберген Бағила , эксперт-дәрігер-интерн Тұрарбек Меруерт, өз рөлдерінде берілген тапсырмаларды «Фома» 10 –жасар манекен, небулайзер аппараты, фонендаскоп, танометр, құрал жабдықтарды қолдана отырып, тәжірибелік дағдыларды пальпация, перкуссия, аускультация көрсете білді және өз реттілігімен жасады. «Балалардағы обструктивті бронхит ерекшеліктерін ажырата білді. Аспаптық және лабораториялық зерттеу нәтижелеріне дұрыс қорытынды жасады».
Стандартталған пациент клиникалық сценарий әдісі, сонымен қатар интерн- дәрігерлердің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді және де қазіргі заманғы медициналық білім берудің маңызды міндеті болып табылатын оқу-әдістемелік процесті оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Сабақ соңында ТДО инструкторы Сейтбекова А.А , эксперт дәрігер-интерн Тұрарбек Меруерт, кафедра ассистенті Онласбекова Г.М өз пікірлерін білдіріп «»Стандартталған пациент» әдісімен сабақтың өтілуіне баға берілді.

14.02.2025, 17:27
216 қаралым