Азаматтығы жоқтықтың алдын алу және қысқарту жөніндегі халықаралық стандарттар

Оңтүстік Қазақстан медицина Академия 2024-2025 оқу жылы тәрбие жоспарының құқықтық тәрбие бағытына сәйкес шет тілдері кафедрасы ұжымы 1 курс білім алушылары үшін 17 ақпан күні Қазақстанда "Азаматтығы жоқтықтың алдын алу және қысқарту жөніндегі халықаралық стандарттар" тақырыбында арнайы кездесу ұйымдастырды. Семинардың қонақтары “Сана сезім” ӘБҚО ҚБ жетекшілері: заңгерлер Э.Еникеева, Э.Агманова. Кездесу барысында: адам құқықтарының маңызы мен оларды қорғау жолдары, азаматтығы жоқтықтың салдарыжәне оны болдырмау шаралары, БҰҰ БЖЖК-ның (Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары) атқаратын жұмыстары мен қолдау тетіктері түсіндірілді. Іс-шараға белсенді қатысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз! Бірге құқықтық сауатты және әділетті қоғам құрайық!

17.02.2025, 17:16
144 қаралым