Астанада жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өтті.

Пара беру мен плагиат мәселесі Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл семинарының басты тақырыбына айналды. Семинарға қатысушыларға кейбір заңнамалық ережелер түсіндірілді және академиялық адалдық қағидаттарын енгізуге арналған құралдар ұсынылды. Қызықты мотивациялық тренингтер өткізілді. «GRACE» халықаралық бастамасын жүзеге асыру тәжірибесі ұсынылды. Оның мақсаты – білім беру және серіктестік арқылы балалар мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы С.Ахметжанов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың Концепцисында сыбайлас жемқорлыққа қарсы компоненттің білім беру жүйесіне кірігуі қарастырылғандығын атай келе, білім беру тәрбиелік құрамдас бөліктермен бірге жастардың санасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыратындығын атап өтті.
Семинарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан жоғары оқу орындарының студенттері - еліміздің болашағы, сондықтан оларға тек сапалы білім беру ғана емес, сонымен қатар олардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды екеніндігіне тоқталды.
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарының өкілдері жиналып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жаңа білімдерді дамыту жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ оқыту әдістемелерін талқылап, оң көзқарас пен әдістемелік қолдау алды. Бұл семинарға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік - қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы қатысты. Барлық семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.

26.02.2024, 17:01
141 қаралым