Алтын Орда брендін Қазақстанмен тығыз байланыстыра отырып ілгерілету мақсатында студенттермен тәрбие сағаты

21 ақпан күні «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасының соц.ғ.к., проф. м.а. Ертаев М.А. ФӨТҚАБ-01-23 тобының білім алушыларына Алтын Орда брендін Қазақстанмен тығыз байланыстыра отырып ілгерілету мақсатында студенттермен тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Алтын Орданың Қазақстан тарихындағы орнын нақтылау
- Алтын Орда мұрасын заманауи Қазақстанның ұлттық бірегейлігімен ұштастыру
- Идеологиялық және мәдени аспектілерді түсіндіру
Алтын Орда Қазақстан тарихының маңызды бөлігі ретінде ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда, мәдени мұраны сақтау мен дамытуда және мемлекеттің халықаралық имиджін ілгерілетуде маңызды рөл атқара алады. Бұл брендті идеологиялық тұрғыда нығайту үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргізу қажет.
Ертаев М.А. Алтын Орда – Қазақ мемлекеттілігінің бастау көзі екенін айта отырып, білім алушылардың көзқарастран және ұсыныстарын тыңдады. Білім алушылар Алтын Орда брендін қалалыптастыруда көптеген ұсыныстар айтты. Мысалға:
- Жастар арасында ұлттық мақтаныш пен тарихи сананы нығайтуға бағытталған медиа және мәдени жобаларды әзірлеу
- Қазақстанда және шетелде Алтын Орда мұрасын насихаттайтын көрмелер ұйымдастыру
- Ұлттық туристік бренд ретінде Алтын Орда стиліндегі фестивальдер өткізу
- Қазақстанның Altyn Orda брендін жаһандық деңгейде танымал ету үшін әлеуметтік желілерде контент жасау (TikTok, YouTube, Instagram)
- Алтын Орда тақырыбында эссе, мақала, өнер байқауларын өткізу
Алтын Орда бренді Қазақстанның тарихи мұрасы ғана емес, сонымен бірге ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың, халықаралық деңгейде ел имиджін нығайтудың және мәдени-идеологиялық құндылықтарды дамытудың маңызды құралы бола алады. Бұл бағытта кешенді ғылыми, мәдени, туристік және ақпараттық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі қажет деп Ертаев М.А. тәрбие сағатын қорытындылады.

25.02.2025, 16:58
181 қаралым