АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЕСЕП
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 13-27 ақпаны аралығында Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілі ретінде Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының "Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық" кафедрасында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – студенттерге ғылыми зерттеу негіздері бойынша білім беру және олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру болды.
Ұтқырлық бағдарламасы барысында келесі топтармен дәрістер мен практикалық сабақтар өткізілді:
1) ВМ-МАа-13-23 (ағылшын тобы, медицина)
2) ВМ-МҚАБ-05-23, ВМ-МҚАБ-06-23 (медицина)
3) ВМ-МҚБ-06-23 (медицина)
4) ВМ-МШАБ-07-23, ВМ-МШАБ-08-23 (медицина, шетелдік студенттер)
5) ВМ-МШБ-08-23 (медицина, шетелдік студенттер)
Оқыту барысында келесі тақырыптар қамтылды:
1) Халық денсаулығы, аурушаңдық және оларды зерттеу әдістері
2) Қазіргі заманғы медициналық-әлеуметтік проблемалар, халықтың денсаулығын нығайту мәселелері
3) Мүгедектік және оның түрлері
4) Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) ұйымдастыру және өткізу
5) Әлеуметтік маңызы бар аурулар және оларға қарсы күрес
6) Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
7) Медициналық көмек және оның түрлері
8) Медициналық-этикалық аспектілер мен медициналық құпия
Жалпы алғанда, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 72 академиялық сағат көлемінде сабақтар өткізілді.
Студенттермен ғылыми кездесулер өтті. Бұл кездесулердің мақсаты студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, ғылыми мақалалар жазу, зерттеу әдістерін қолдану және ғылыми этика мәселелерін талқылау болды. Студенттер ғылыммен айналысуға қатысты өз сұрақтарын қойып, өздерінің зерттеу жобалары бойынша кеңестер алды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы нәтижелі өтті. Студенттер маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, зерттеу дағдыларын дамытуға ынта білдірді. Бағдарламаның қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясымен болашақта ғылыми-зерттеу және білім беру саласында ынтымақтастықты жалғастыру мүмкіндіктері қарастырылды.
