«16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық азаматтар сүбелі үлес қосып келеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы Қазақстан тарихы сабағында білім алушыларға 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттарын өткізді.
Тәрбие сағаттың мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Білім алушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихи алғышарттары туралы презентациялар дайындалып, желтоқсан оқиғасына арналған фильмдер көрсетілді.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін.
