Студенттер арасындағы үстел теннисі жарысы

16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» және «Дене тәрбиесі орталығы» кафедралары 2023 жылдың желтоқсан айының 22-жұлдызында үстел теннисі жарысын ұйымдастырды. Жүлделі орындарға арнайы сыйақы қарастырылды.
Жарысқа қатысқан студенттерді «Фармация» факультеті декан орынбасары Сапақбай М.М., «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының» басшысы Сәлім Е.Қ., «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Арыстанбаев Қ.Е. және «Дене тәрбиесі орталығы» кафедрасының меңгерушісі Аширбаев О.А. құттықтап, марапаттады.
І орын «Аманат» тобы
ІІ орын «Жас ұлан» тобы
ІІІ орын «Алаш» тобы
ІІІ орын «Орда» тобы
Демеушілер: «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» мамандығының түлектері.

28.12.2023, 16:48
329 просмотров