Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Зияткерлік демалыс: ОҚМА студе...
10 қараша 2026
1
0
0

Зияткерлік демалыс: ОҚМА студенттері арасындағы дойбы турнирі

2026 жылдың 5 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы жатақханасында кезекшілік кезеңінде білім алушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында дойбыдан тартысты бақ сынасу ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жастардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын шыңдау және жатақхана тұрғындары   арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Тартысқа толы ойын барысында қатысушылар өздерінің зеректігін, шапшаңдығын және тақта үстіндегі ерекше тәсілдерін көрсете білді. Жатақхана тұрғындары мұндай іс-шаралардың студенттік өмірді қызықты әрі есте қаларлық ете түсетінін айтып, ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер орны (0)