Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 202...
25 қараша 2026
1
0
0

«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2026» конкурсының I (ішкіуниверситеттік) кезеңі аяқталды

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2026» атағын беру жөніндегі республикалық конкурстың I (ішкіуниверситеттік) кезеңі аяқталды.
Конкурстық материалдарды сараптамалық бағалау қорытындысы және конкурстық комиссияның шешімі бойынша конкурстың II (республикалық) кезеңіне қатысуға академияның төмендегі оқытушылары ұсынылды:
1. Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы;
2. Кемельбеков Қанатжан Сауханбекұлы;
3. Кулбаева Салтанат Налибекқызы;
4. Асанова Ғалия Құтымбетқызы.
Әріптестерімізді конкурстың ішкіуниверситеттік кезеңінен сәтті өтуімен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде академиямыздың абыройын асқақтатып, лайықты өнер көрсетулеріңізге тілектеспіз!

Пікірлер орны (0)