
ОҚМА Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қаратаеваның ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және құқық: болашаққа көзқарас» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Ғылыми семинарға В-ФМЦИҚ 01-25 және В-ФӨТҚАБ оқу топтарының білім алушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жасанды интеллект технологияларының қоғамдағы рөлін, құқықтық қатынастарға ықпалын және оны қолданудың өзекті мәселелерін талқылау.
Семинар барысында жасанды интеллектіні білім беру, ғылым, мемлекеттік басқару және құқық салаларында қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар, цифрлық дәуірдегі адам құқықтарын қорғау, жеке деректердің қауіпсіздігі, ақпараттық жауапкершілік, авторлық құқық және жасанды интеллектіні пайдаланудың құқықтық нормалары жөнінде пікір алмасу жүргізілді.
Білім алушылар жасанды интеллектінің қоғам дамуына беретін мүмкіндіктерімен қатар, оның туындатуы мүмкін құқықтық және этикалық тәуекелдеріне де назар аударды.
Ғылыми семинар өзекті мәселелерді талқылауға, білім алушылардың цифрлық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етті. Іс-шара соңында жасанды интеллектіні тиімді, қауіпсіз және жауапкершілікпен пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.