
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Студенттер күніне орай дәстүрлі «Жас толқын – 2026» өнер байқауы өтті. Шығармашылық сайыстың шымылдығын Тіркеу офисінің басшысы, фармацевтикалық ғылымдар кандидаты Сыздықова Сәулет Ақмырзақызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға өнер мен мәдениет саласының білікті мамандары қазылық етті. Атап айтар болсақ, Мәдениет саласының үздігі Утепова Эльмира Әбіләкімқызы, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі Қалиев Қайырбек Қалиұлы, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының «Қазына» би ансамблінің әртісі Жүрсінбек Ақтөре Жүрсінбекұлы.
Жас таланттарды қолдау, ұлттық мәдени мұрамызды дәріптеу және студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауда қатысушылар 7 бағыт (вокал, аспапта орындау, хореография, көркем сөз, іс-шара жүргізушісі және мобилография) бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Қазылар алқасының шешімімен үздік өнер көрсеткен қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, вокал бағыты бойынша І орынды Акимали Али, ІІ орынды Ерәділ Тоғжан, ІІІ орынды Канибеков Мұхаммеджан, аспапта орындау бағыты бойынша І орынды Ақантай Хайраддин, ІІ орынды Алдажар Ернұр, ІІІ орынды Жұмабай Әліби мен Домбырашылар ансамблінің өнерпаздары иеленді.
Хореография бағыты бойынша І орын «Рухты ару» би тобына, ІІ орын «Дружба народов» би тобына, ІІІ орын Рахматулла Сания мен «Кавказский дух» би тобына, «КазМед» би тобына, көркем сөз оқудан І орын Абилаким Аянаға, ІІ орын Сапарханұлы Нұрасылға, ІІІ орын Бердикулова Шұғылаға бұйырды.
Іс-шара жүргізушісі бағыты бойынша І орынды Гамбарова Роксана, ІІ орынды Маханбетова Нұрсезім, ІІІ орынды Тахирова Рухшона, мобилография бағыты бойынша І орынды Саттаркулов Ахрорбек, ІІ орынды Әсілхан Досымжан жеңіп алды.

Байқау барысында өнерімен ерекшеленіп, көзге түскен студенттерге жұмыс берушілер тарапынан арнайы сый-сияпаттар табысталды. Олардың қатарында «Зерде фито» ЖШС атқарушы директоры Мақсат Жұматаев, «Медсервис плюс» ЖШС директордың орынбасары Қайрат Байбосынов пен «Клиника на Радуге» басқарушысы Акмальжан Махамадов бар.
«Жас толқын – 2026» байқауы студенттердің таланттарын танытуға, сахна мәдениеті мен өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.