
ОҚМА “Педиатрия-2”кафедрасының ассистенті, топ тәлімгері Г.М.Онласбекованың жетекшілігімен «Таза қала» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, аурухана аумағын таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру. Сенбілік Шымкент қаласы Облыстық балалар ауруханасында өткізілді.
Сенбілікке Медицина факультеті Педиатрия мамандығының 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші курс білім алушылары тазалық сенбілігіне қатысып, өз үлестерін қосты. Облыстық балалар ауруханасының аумағын қоқыстан тазартуға және аурухана аймағын тазалауға белсене атсалысып өз үлестерін қосты. Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Таза қоршаған орта – адам денсаулығы мен сапалы өмірдің кепілі. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғау әр білім алушының күнделікті дағдысына айналуы тиіс. Осындай игі бастамалар жастардың бойында жауапкершілік пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастырады.