
2026 жылдың 19 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен В-ФҚА-01-26 тобының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында білім беру саласындағы академиялық адалдық, студенттер арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністері, парақорлықтың алдын алу және жасанды интеллектіні дұрыс әрі адал пайдалану мәселелері талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға және білім беру саласына тигізетін кері әсерін түсіндіру, академиялық адалдық қағидаларын насихаттау, парақорлықтың алдын алу және жастардың бойында адалдық, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Адалдық – сапалы білім мен жарқын болашақтың негізі!