
2026 жылғы 11 қарашада «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен білім алушылардың әлеуметтік мәселелерді шешуге және азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруға бағытталған үздік студенттік стартап идеяларды анықтау және қолдауға бағытталған «Startup Constitution» инновациялық жобалар байқауы өтті.
Іс-шараға В-ФМЦИҚ-01-26, В-ФӨТБББ-01-25, В-ФӨТМШҚ-05-25 және В-ФӨТҚАБ-02-25 топтарының білім алушылары белсенді қатысты. Байқау барысында қатысушылар өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тың идеяларын ұсынып, жобаларының мақсатын, практикалық маңызын, экономикалық тиімділігін және конституциялық негіздерін таныстырды.
Білім алушылардан құралған «Inclusive Job», «SafeNet», «Student Work», «MedMobile» және «Bilim Qoljetimdi» командалары өз жобаларын қазылар алқасы мен көрермендер назарына ұсынды. Командалар инклюзивті жұмыспен қамту, цифрлық қауіпсіздік, студенттерді еңбекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі және білім алуға тең мүмкіндік жасау бағыттарындағы бастамаларын қорғады. Әрбір жоба қоғам үшін маңыздылығымен, заманауи шешімдерімен және тәжірибеде жүзеге асыру мүмкіндігімен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар «Үздік конституциялық негіздеме», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік экономикалық модель», «Ең инновациялық шешім» және «Үздік стартап-питч» номинацияларымен марапатталды. Қатысушылар жобаларын сенімді қорғап, қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, командалық жұмыс пен шығармашылық ізденістің жоғары деңгейін көрсетті.
«Startup Constitution» байқауы білім алушыларға өз идеяларын көпшілік алдында таныстыруға, тәжірибе алмасуға және стартап-жобаларын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді. Іс-шара жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, инновациялық бастамаларын қолдауға бағытталған мазмұнды алаңға айналды.