
Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасына Қарағанды медицина университетінен «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында 6В10115 – Медицина білім беру бағдарламасы бойынша 29.10.2026 – 13.11.2026 ж. аралығындағы күндері 5 курс ВМ-МОБ-14-22 тобы «Жедел медициналық көмек -1» пәніне келді. Пәнді кафедра ассистенті Ж.С. Султанова Тәжірибелік дағдылар орталығында жүргізді. Сабақ барысында білім алушылар шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетудің заманауи алгоритмдерін меңгеріп, симуляциялық жабдықтар мен манекендерде тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Оқу үдерісінде клиникалық жағдайларды модельдеу, ситуациялық есептерді талдау, командалық жұмыс және шұғыл шешім қабылдау әдістері қолданылды. Білім алушылар әртүрлі клиникалық сценарийлер бойынша өз білімдері мен дағдыларын іс жүзінде көрсетіп, оқытушы тарапынан кері байланыс алды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы оқу білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және шұғыл медициналық көмек көрсету кезіндегі командалық өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сабақ соңында білім алушылар пән бойынша білімдерін қорытындылап, тәжірибелік дағдыларын бағалаудан сәтті өтті.
Білім алушылар оқу үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырылуына оң бағаларын білдіріп, кафедра ұжымына алғыстарын жеткізді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген білім алушылар университет кітапханасына барып, оқу бағдарламасына сәйкес әдебиеттермен танысып, қажетті кітаптарды оқыды. Кітапханада білім алушылар өз білімдерін толықтырып, кәсіби бағыттағы қосымша ақпараттармен жұмыс жасады.
Академиялық ұтқырлық университеттеріміз арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға және екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеміз.