Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Қыз балалар арасындағы буллин...
23 қараша 2026
1
0
0

«Қыз балалар арасындағы буллингтің алдын алу»


ОҚМА «Педиатрия-2» кафедрасының ассистенті Г.М. Онласбекованың ұйымдастыруымен  Медицина факультеті «Педиатрия» мамандығының 4-курс білім алушылары (ВМ-ПҚБ-01/23 тобы) Шымкент қаласы «Нұрсат» шағынауданында орналасқан №80 ІТ мектеп-лицейінің оқушыларына «Мектептегі қыз балалар арасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллингтің түрлері мен оның адам өміріне тигізетін кері әсері туралы түсінік беру, буллингтің алдын алу жолдарын түсіндіру. Сонымен қатар, оқушылардың бойында өзара сыйластық, мейірімділік, жауапкершілік және жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсетуге шақыру.
Іс-шара барысында буллингтің физикалық, психологиялық, әлеуметтік және кибербуллинг сияқты түрлері кеңінен түсіндірілді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында түрлі танымдық ойындар ұйымдастырылды. Ойындар арқылы оқушылар буллингке тап болғанда дұрыс шешім қабылдау, өз пікірін еркін жеткізу және өзгелерге қолдау көрсету жолдарын үйренді. 
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)