Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА білім алушысы каратэден (...
17 қараша 2026
1
0
0

ОҚМА білім алушысы каратэден (WKF) Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері атанды.

 

2026 жылдың 6–8 қарашасы аралығында Астана қаласында ересектер арасында каратэден (WKF) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды турнирге еліміздің барлық өңірінен келген ең мықты спортшылар қатысты. Осы беделді жарыста Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының В-ФО-02-25 тобының білім алушысы Игнат Стрельников жоғары шеберлік көрсетті. Ол өнер көрсеткен Шымкент қаласының құрама командасы тартысты жекпе-жектердің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте құрметті 2-орынды иеленді.

Оқу мен спортты сәтті ұштастырып жүрген білім алушымыз Игнат Стрельниковті, сондай-ақ Шымкент құрамасын осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Пікірлер орны (0)