Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Қоғамдық денсаулық саласындағы...
23 қараша 2026
1
0
0

Қоғамдық денсаулық саласындағы маңызды зерттеу сәтті қорғалды

2026 жылғы 18 қарашада «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да 7М10102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының бейіндік бағыты бойынша магистрант Успанова Мадина Асқарқызының магистрлік жобасын қорғау рәсімі өтті.
Магистрант «Репродуктивтік жастағы әйелдердің денсаулық көрсеткіштерін қоғамдық денсаулық тұрғысынан бағалау Төлеби және Сарыағаш аудандары мысалында» тақырыбындағы ғылыми жобасын Қорытынды аттестаттау комиссиясының назарына ұсынды. Жоба медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Ж. Сарсенбаеваның ғылыми жетекшілігімен орындалған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі репродуктивтік жастағы әйелдердің денсаулығын сақтау, ана мен бала денсаулығын нығайту және өңірлердегі демографиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерімен айқындалады. Жоба аясында Төлеби және Сарыағаш аудандарындағы әйелдердің денсаулық көрсеткіштері қоғамдық денсаулық сақтау тұрғысынан бағаланып, репродуктивтік денсаулық қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасына әсер ететін негізгі факторлар қарастырылды.
Қорғау рәсіміне Қорытынды аттестаттау комиссиясының бекітілген жеті мүшесі толық қатысты. Комиссияға Шымкент қаласындағы «Сенім» медициналық орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Ляззат Ермекбаевна Аликанова төрағалық етті.


Қорғау қорытындысы бойынша Успанова Мадина Аскаровнаның магистрлік жобасы «өте жақсы» деген бағаға қорғады. Магистрант өз зерттеуінің негізгі нәтижелерін мазмұнды баяндап, магистрлік жобасын жоғары деңгейде сәтті қорғады.

Пікірлер орны (0)