
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында В-ФӨТҚАБ 01-25, В-ФӨТҚАБ 02-25 және В-ФӨТҚАБ 03-25 оқу топтарының білім алушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2026-2027ж. жолдауына арналған ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында кафедраның аға оқытушысы Абдрасилова С.Т. «Елбасы жолдауы – болашақтың бағдары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада жолдауда көтерілген елдің әлеуметтікэкономикалық дамуы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, цифрландыру, жастардың әлеуетін арттыру және азаматтық жауапкершілік мәселелері қамтылды.
Іс-шара соңында білім алушылар тақырып бойынша пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің саяси сауаттылығын арттыру, ел болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру және отансүйгіштік құндылықтарды насихаттау.