
2026 жылдың 6 қарашасында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің спорт залында ОҚМА мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ер балдар командалары арасында баскетболдан жолдастық кездесу өтті. Бұл кездесу жай ғана спорттық ойын емес, екі іргелі оқу орны арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтқан және салауатты өмір салтын басты бағдар етіп жариялаған нағыз шеберлік алаңына айналды. Алаңдағы алғашқы минуттардан бастап білім алушылар жоғары жылдамдық, доп үшін табанды күрес және командалық бірліктің тамаша үлгісін көрсетті.
Академиямыздың намысын қорғаған білім алушыларымыз әрбір шабуылда барынша жинақылық танытып, жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлады. Академияның спорттық намысын қорғаған біздің мақтаныштарымыз:
· Сайдулла Расул ВМ-МОБ-07-24
· Жандарбек Дияс ВМ-СОБ-09-25
· Мустапаев Саян ВМ-МОБ-10-23
· Турсынхан Ескендір ВМ-ФӨТО-БББ-01-25
· Шахзада Олжас ВМ-СҚА-01-26
· Мырзагелдиев Әділет В-ФО-02-25
· Асанхан Дарын ВМ-МОБ-07-24
· Қурманбек Азиз ВМ-СОА-08-25
· Қадірбай Батырхан ВМ-СҚА-01-26
Командамызға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ОҚМА туын спорт ареналарында желбірете беруіне тілектеспіз. Жарайсыңдар, жігіттер! Спорт — жалынды жастардың таңдауы!