
2026 жылғы 5–20 қараша аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Университеттегі сапаны қамтамасыз ету жүйесі» тақырыбында корпоративтік оқыту ұйымдастырылды.
Іс-шара академияның Сапаны қамтамасыз ету және мониторинг бөлімі мен Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде.
Оқыту семинарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК өкілдері М.А. Скиба, Н.А. Кыдырмина және М.А. Сайдулаева жүргізуде. Семинар барысында білім беру сапасын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері, ESG және WFME халықаралық стандарттары, университетті басқарудағы жүйелік және процестік тәсілдер, білім беру бағдарламаларын өзін-өзі бағалау, сыртқы аккредиттеуге дайындық және сапаны үздіксіз жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Оқыту аясында қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, нақты жағдайларға талдау жүргізді, сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды талқылады.
Бағдарламаның келесі кезеңдерінде онлайн сабақтар өткізу және қатысушылардың командалық жобаларын таныстыру жоспарланған.
Корпоративтік оқыту академияда сапа мәдениетін нығайтуға, қызметкерлердің кәсіби әлеуетін дамытуға және білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.