Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «ОҚМА» АҚ COURSERA QAZAQSTAN E...
19 қараша 2026
1
0
0

«ОҚМА» АҚ COURSERA QAZAQSTAN EXCELLENCE AWARDS 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТТАУ РӘСІМІНДЕ БІРІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНІП, ЕКІ НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ!

2026 жылдың 18 қарашасында Астана қаласында Coursera Future Talks сессиясы өтті. Аталған іс-шара Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктіріп, цифрлық білім беру технологияларын енгізу және онлайн-курстарды оқу үдерісіне интеграциялау тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік берді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Coursera жобасын табысты жүзеге асыру, цифрлық оқытуды дамыту және білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бағытындағы нәтижелі жұмысының арқасында Coursera Qazaqstan Excellence Awards 2026 аясында екі беделді номинацияға ие болды. Сонымен қатар, академия бірінші орынды иеленді.
Digital Learning Excellence Award — цифрлық оқытуды дамыту және заманауи білім беру шешімдерін енгізу бағытындағы Академия жетістіктерінің жоғары бағалануы.
Outstanding Coursera Coordinator Award — «ОҚМА» АҚ Білім берудегі цифрлық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Наралиева Малика Айбекқызының Coursera жобасын үйлестіру, дамыту және тиімді жүзеге асыру бағытындағы еңбегінің мойындалуы.


Бұл жетістіктер академияның білім беру үдерісін цифрландыру, халықаралық білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ оқытушылар мен білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту бағытында атқарып жатқан жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді.
ОҚМА-да Coursera жобасын жүзеге асыру — халықаралық сертификаттарға ие болу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар заманауи, икемді және технологиялық білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.


Академия цифрлық білім беру бастамаларын дамытуды, оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізуді және Қазақстандағы жоғары медициналық білім беруді цифрлық трансформациялау бағытындағы ұстанымын нығайтуды жалғастыруда!

Пікірлер орны (0)