
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Сейтжанова қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттап, қоғамға жанашырлық танытып, игі істерді атқарғаны үшін «Мейірімді жүрек» марапатына ие болды.
Шымкент қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.А. Жайлымысованың атынан берілген Алғыс хатта Жанна Серікжанқызының күнделікті атқарып отырған адал еңбегі мен қоғамға көрсеткен қолдауы, ізгі істері мен қайырымдылық қызметі ерекше атап өтілген.
Бұл марапат – адамгершілік пен жанашырлықты ту етіп, қоғам игілігі жолында еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген құрметтің белгісі.
Жанна Серікжанқызын марапатымен құттықтап, еңбегіне толағай табыс тілейміз!