
2026 жылғы 19 қараша күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен В-ФҚА-01-26 тобының студенттері арасында «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында студенттердің білімге деген ұмтылысы, кәсіби дамуы, қоғамдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттері таныстырылды. Сонымен қатар студенттік өмірдің маңыздылығы мен болашақ маман ретінде қалыптасу жолдары сөз болды.