
2026 жылғы 18 қараша күні ОҚМА «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен В-ФМЦИҚ-01-26 тобында аға оқытушы Қаратаева Ф.М. «Құқықтық, қаржылық-экономикалық, экологиялық және ғылыми білімдер» модульінің «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік дағдылар» пәнінен, «Кәсіпкерлік қызметтің нысандары, мемлекеттік қолдау және стартап» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өтті. Сабаққа оқу-әдістемелік орталықтың аға әдіскері Рашева Б.М., АК төрайымы Нұржанбаева Ж.О., кафедра меңгерушісі Аширов Ш.А және аға оқытушылар Абдрасилова С.Т. және Асилбекова А.Т. қатысты.
Ашық тәжірибе сабағы шағын топпен жұмыс, стартап-питч әдісімен ұйымдастырылды. Сабақ барысында қаржыландыру көздері, мемлекеттік қолдау тетіктері, салықтық міндеттемелер, кәсіпкерлік тәуекелдер және оларды азайту жолдары қарастырылды. Білім алушылар жеке тест тапсырмаларын орындап, кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша интеллект-карталар әзірлеп, «Экологиялық кофехана» кейсін жан-жақты талдады. Сонымен қатар, әр топ студенттік өмір мен денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған «Startup Constitution» жобаларын стартап-питч форматында қорғады. Қатысушылар жобалардың конституциялық негізін, мақсатты аудиториясын, экономикалық моделін және әлеуметтік әсерін таныстырды. Білім алушылар жасанды интеллект ұсынған мәліметтерді egov.kz, adilet.zan.kz және damu.kz ресми ресурстарындағы ақпаратпен салыстырып, сыни бағалау дағдыларын көрсетті.
Ашық сабақ мақсатына жетті, білім алушылардың кәсіпкерлік ойлауын, цифрлық сауаттылығын, шығармашылық белсенділігін және топтық жұмыс қабілетін дамытуға ықпал етті.